Жоғары техникалық-гуманитарлық колледжде «Казцинк» ЖШС мамандықтары» интерактивті стендтері орнатылды
ШҚО колледждер Альянсы мен «Казцинк» ЖШС бірлескен жұмысы аясында жоғары техникалық-гуманитарлық колледжінде «Казцинк» ЖШС мамандықтары» интерактивті электрлендірілген стендтер орнатылды.
Бұл стендтер колледждің жұмысшы мамандықтарын танымал етуге, студенттердің техникалық мамандықтарға деген қызығушылығын арттыруға, сондай-ақ болашақ мамандықты саналы түрде таңдауды қалыптастыруға бағытталған кәсіби бағдар беру жұмысының жарқын және заманауи элементіне айналды.
Интерактивті көрнекілік білім алушыларды кәсіпорынның сұранысқа ие кәсіптерімен, «Казцинк» ЖШС өндірістік бағыттарымен, кәсіби өсу, практикадан өту және одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндіктерімен тартымды түрде, әрі қолжетімді түрде таныстыруға мүмкіндік береді. Мұндай стендтер бірінші курс студенттері үшін ерекше маңызға ие, оларға колледжде оқу мен заманауи өндірістегі болашақ жұмысы арасындағы тығыз байланысты көруге мүмкіндік береді.
Жоғары техникалық-гуманитарлық колледжі Шығыс Қазақстанның еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды сапалы даярлау үшін жағдай жасай отырып, «Казцинк» ЖШС-мен әлеуметтік серіктестікті дамытуды жалғастыруда.
Орнатылған стендтер - бұл жай ғана ақпараттық аймақ емес, жастарды жұмысшы мамандықтарын таңдауға, техникалық бағытта дамуға және болашағын нақты өндіріспен байланыстыруға шабыттандыратын заманауи кәсіби бағдар беруші құрал.