Колледжде «Қазцинк» ЖШС өкілдерінің қатысуымен дуальды оқыту және кәсіпорынның шәкіртақы бағдарламасына арналған кәсіби бағдар беру кездесуі өтті.
Іс-шараға Еңбек ресурстарын басқару корпоративтік университетінің білім беру ұйымдарымен жұмыс бөлімінің бастығы Елфимова И.В. қатысты.
Кездесу барысында студенттерге «Қазцинк» ЖШС-нің шәкіртақы бағдарламасының артықшылықтары жан-жақты таныстырылды. Бағдарлама білім алушыларға қосымша қаржылық қолдау көрсетіп, оқу үлгерімін арттыруға ынталандырады және болашақ кәсіби мансабын ерте бастауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ дуальды оқыту жүйесінің ерекшеліктері түсіндіріліп, студенттердің теориялық білімді өндірістегі тәжірибемен ұштастыруының және еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіби дағдыларды меңгеруінің маңыздылығы айтылды. Кездесу студенттердің үлкен қызығушылығын тудырып, олардың болашақ мамандығы мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат алуына ықпал етті.