ШҚО колледждер Альянсы мен "Қазмырыш" ЖШС жұмысы аясында біздің колледж оқытушылары "Қазмырышмаш" ӨК және мырыш зауытының Риддер алаңының металлургиялық кешеніне барды.
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында "Қазмырыш" компаниясы мен өңірдің оқу орындары альянс құру туралы Меморандумға қол қойды. Ынтымақтастық тау-кен-металлургия секторының білікті және бәсекеге қабілетті мамандарын даярлауға бағытталатын болады.