«Қазцинкпен бірге мансап жолы»: болашақ мамандықты саналы таңдау бүгіннен басталады!

28 мамыр күні Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ базасында «Қазцинкпен бірге мансап жолы» атты кәсіптік бағдар беру кездесуі өтті.
Іс-шараға «Қазцинк» ЖШС, ШҚО колледждері Альянсы, университет өкілдері, ата-аналар мен болашақ талапкерлер қатысты. Қатысушылар сұранысқа ие мамандықтар, дуалды оқыту, өндірістік тәжірибе, шәкіртақы бағдарламалары және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпарат алды.
Кездесуде қатысушылардың сұрақтарына:
- Андрей Павлович Лазарев — «Қазцинк» ЖШС әкімшілік мәселелер жөніндегі басқарушы директоры;
- Сауле Жадыгерқызы Рахметуллина — Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ басқарма төрағасы-ректоры;
- Ернар Тұрсынханұлы Иргебаев — ШҚО колледждері Альянсы мен «Қазцинк» ЖШС жетекшісі, Жоғары техникалық-гуманитарлық колледж директоры жауап берді.
Бүгінде ШҚО колледждері Альянсы мен «Қазцинк» ЖШС білім мен өндірісті біріктіріп, жастарға табысты болашаққа жол ашуда!