🎁 Балаларға деген сүйіспеншілікпен 💖

Біздің колледждің студенттері «Үміт» балалар үйінде өткен «Балаларға деген сүйіспеншілікпен» атты қалалық қайырымдылық акциясына белсене қатысты.

Студенттеріміз балаларға сыйлықтар мен қажетті заттарды жинап қана қоймай, түрлі ойындар, шеберлік сағаттары мен жылы кездесулер ұйымдастырды. Әрбір қатысушы өз мейірімін, қамқорлығын бөлісті.

Мұндай шаралар жастарды қайырымдылыққа, жауапкершілікке, жанашырлыққа тәрбиелейді. Қатысқан барлық студенттерге алғысымызды білдіреміз! 💙