Бұл күн Шығыс Қазақстан делегациясы үшін «ЖИ экономикасына арналған кадрлар: кәсіптік білім берудің жаһандық жүйесі» халықаралық кәсіби тағылымдамасы аясындағы маңызды күндердің бірі болды.
Күннің басты оқиғасы - кәсіптік білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға арналған жаңа алаң -«100 колледж» Қытай-Қазақстан Альянсының ресми ашылуы болды.
ШҚО Кәсіптік білім беру орталығы «100 колледж» Қытай-Қазақстан Альянсына қосылу туралы меморандумға қол қойды.
Форум аясында қытайлық және қазақстандық кәсіптік білім беру ұйымдары арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға, ниеттестік туралы келісімдерге және басқа да құжаттарға қол қою рәсімі өтті. Қол жеткізілген уағдаластықтар өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға, тәжірибе алмасуға және бірлескен білім беру бастамаларын іске асыруға бағытталған.
Бағдарламаның жалғасы серіктес кәсіпорындарға кәсіби сапармен ұласты. Қатысушылар заманауи өндірістік алаңдармен, компаниялардың технологиялық экожүйесімен және білім беру мен бизнестің өзара іс-қимыл тәжірибесімен танысты.
Шығыс Қазақстан делегациясы үшін Альянс жұмысына қатысу - халықаралық әріптестікті кеңейтуге, Қытайдың білім беру ұйымдарымен тікелей байланыс орнатуға және кәсіби диалогтан нақты бірлескен жобаларды іске асыруға көшуге мүмкіндік береді.