2025 жылғы 21-22 мамырда колледж директоры Е.Т. Иргебаев Сиань қаласында (ҚХР) өткен "Бір белдеу, бір жол" кәсіптік білім беру Альянсының IX-ші халықаралық форумына қатысты.

Форум кәсіптік білім беру және кадрлар даярлау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға ұмтылатын білім беру мекемелерінің, мемлекеттік құрылымдар мен кәсіпорындардың өкілдерін біріктірді. Кездесудің басты тақырыбы Қытай мен Қазақстан арасындағы Техникалық және кәсіптік оқыту саласындағы әріптестікті нығайту, тәжірибе алмасу, бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру, сондай-ақ студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту болды.
Іс-шара аясында "Цинлин шеберханасы" парадигмасын талқылауға арналған семинар - практикум-өндірістік практика мен оқытуды біріктіретін модель өтті. Қатысушылар Қазақстанның оқу орындарында осы модельді енгізу перспективаларын қарастырды.
Е. Т. Ирегебаевтың форумға қатысуы колледждің халықаралық ынтымақтастығын дамыту жолындағы маңызды қадам болды. Форум елдер арасындағы өзара іс-қимылдың өсуі және білім беру сапасына қойылатын талаптардың артуы жағдайында білікті мамандарды даярлаудың өзектілігін атап өтті.