2026 жылғы 11 қарашада Өскемен қаласында «Бір белдеу — бір жол» халықаралық бастамасы аясында Жоғары техникалық-гуманитарлық колледж бен Қытай Халық Республикасындағы Шанло кәсіптік-техникалық колледжінің бірлескен жобасы — «Циньлин» шеберханасының салтанатты ашылуы өтті.

Жаңа шеберхана электр көліктерін жөндеу және техникалық қызмет көрсету бағыты бойынша мамандар даярлауға, заманауи өндірістік технологияларды меңгеруге және кәсіби құзыреттілікті дамытуға бағытталған.

Жоба аясында колледж оқытушылары мен студенттерінің біліктілігін арттыру, арнайы оқыту бағдарламаларынан өту және нәтижесінде халықаралық сертификаттар алу көзделген.

Сонымен қатар, алдағы уақытта Шанло кәсіптік-техникалық колледжінің базасында біліктілікті одан әрі арттыруға және екі дипломды білім беру бағдарламасы бойынша білім алуға мүмкіндік жасау жоспарлануда.

«Циньлин» шеберханасының ашылуы — білім беру саласындағы халықаралық серіктестікті нығайтуға, озық тәжірибені енгізуге және еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандар даярлауға бағытталған маңызды қадам.

Біз үшін бұл — жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын.