Жеңіс күні – халықтың ерлігі
Колледжімізде Ұлы Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шара барысында студенттер мен оқытушылар Ұлы Отан соғысы қаһармандарын бір минут үнсіздікпен еске алып, әскери әндер мен өлеңдер оқылып, тарихи деректер мен батырлардың ерлігі баяндалды.
Шарадан кейін студенттер «Ұлы Жеңіс ұмытылмайды» атты патриоттық акцияға қатысып, батырлардың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Бұл — бейбіт өмір сыйлаған ұрпаққа деген құрмет пен алғыстың белгісі.
Колледж волонтёрлары оқытушылармен бірге «Қайырымдылық керуені» қайырымдылық акциясына қатысты.
Осындай іс-шаралар жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастырып, өткенге тағзым етудің маңызын ұғындырады.
Біз ерлікті ұмытпаймыз, біз мақтанамыз!
Бейбіт аспан – бұл болашақ үшін өмірін қиған батырлардың аманаты. Ерлер есімі – ел есінде!