Жоғары техникалық-гуманитарлық колледж директоры "Қазмырыш" ЖШС өкілдерімен бірлесіп ERG Skills International 2025 халықаралық іс-шарасына қатысты. Форум аясында "білім беру мен бизнестің өзара іс-қимылы: жұмысқа орналастыру мен практиканың тиімді модельдері" тақырыбында дөңгелек үстел, сондай-ақ колледждер мен жұмыс берушілердің "ҚР ТМК үшін кадрларды үздіксіз даярлау экожүйесіндегі бизнес пен білімнің өзара іс-қимылы"форумы өтті.

Іс-шара барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының тау-кен металлургия кешені үшін білікті кадрларды даярлаудың өзекті мәселелерін, дуальды оқыту жүйесін дамытуды, түлектерді жұмысқа орналастыру тетіктерін жетілдіруді және білім беру ұйымдары мен кәсіпорындар арасындағы әріптестікті нығайтуды талқылады.
Колледж және "Қазмырыш" ЖШС өкілдері мамандарды даярлау, өндірістік практиканы ұйымдастыру, студенттерді қолдау және өндірістің заманауи талаптарына бағдарланған білім беру бағдарламаларын іске асыру бойынша бірлескен жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Форумға қатысу тәжірибе алмасу, ынтымақтастықты нығайту және ел экономикасы үшін сұранысқа ие мамандарды даярлаудың жаңа тәсілдерін әзірлеу үшін маңызды алаңға айналды.