Жұмысшы мамандықтар жылы аясында колледж базасында металлургия мамандығы студенттерінің «Казцинк» ЖШС өкілдерімен кездесулер циклі өтті.
Кездесулер 2 және 4 курс студенттеріне арналды және бірден екі өзекті тақырыпты қамтыды: «Табыстың қағидаттары» және «Қорғасын мен мыс өндірісінің заманауи технологиялары».
14 мамыр күні 2 курс студенттері үшін «Казцинк» ЖШС мамандары – Қорғасын зауытының шихта дайындау цехының бастығы М. Шаймарданов және Металлургия зауытының электр-механикалық цехының аға шебері В. Луферов кәсіптік бағдар беру кездесуін өткізді. «Табыс кішіден басталады» ұранымен компания қызметкерлері өздерінің еңбек жолындағы тәжірибелерімен бөлісіп, мақсаттылық пен кәсібиліктің еңбек жолының кез келген кезеңінде жоғары бағаланатынын атап өтті.
22 мамыр күні 4 курс студенттері қорғасын мен мыс өндірісінде қолданылатын заманауи технологиялық үдерістер туралы бірегей ақпарат алды. «Казцинк» ЖШС қызметкері В. Евстратов металлургия саласында инновациялық шешімдерді енгізу тәжірибесі жөнінде баяндады.
Осындай іс-шаралар білім беру мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтып, мамандықты саналы түрде таңдауға ықпал етеді және жастардың еңбекке деген құрметін қалыптастырады.
«Казцинк» ЖШС білікті мамандар даярлауға және жұмысшы мамандықтарын қолдауға деген ұстанымын тағы бір мәрте дәлелдеді.