Жұмысшы мамандықтар жылы аясында "Қазмырыш" компаниясы мен өңірдің оқу орындары альянс құру туралы Меморандумға қол қойды. Ынтымақтастық тау-кен-металлургия секторының білікті және бәсекеге қабілетті мамандарын даярлауға бағытталатын болады.


Жыл сайын 500-ге жуық колледж студенттері компанияның бөлімшелерінде, соның ішінде дуальды оқыту жүйесі бойынша өндірістік тәжірибеден өтеді.
Альянс құру компания мен оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және кеңейтуге, мамандарды неғұрлым тиімді даярлауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Білім беру бағдарламаларын әзірлеу, студенттер үшін өндірістік практикалар мен тағылымдамаларды ұйымдастыру ғана емес, сонымен қатар "Қазмырыш"кәсіпорындары базасында оқу орындары оқытушыларының біліктілігін арттыру жоспарлануда.
– Қазіргі жағдайда білімге қойылатын талаптар өте тез өзгеруде және Біз жас мамандардың осы сын – қатерлерге барынша дайын болғанын қалаймыз, - деп атап өтті "Казцинка" әкімшілік мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Андрей ЛАЗАРЕВ. - Меморандум бізге өндірістің нақты қажеттіліктерін қанағаттандыратын білім беру бағдарламаларын бірге құруға көмектеседі. Бұл экономиканың нақты секторында табысты мансап құруды армандайтын әрбір студент үшін тамаша мүмкіндік.