Бүгін біздің колледж Алтай қаласындағы КММ «№12 мектеп-лицейінің» оқушыларын қуана қарсы алды!
Оқушылар біздің мамандықтармен жақынырақ танысып, бір күнге студент өмірін сезіну үшін келді.
Қонақтар үшін қызықты шеберлік сағаттары ұйымдастырылып, онда мектеп оқушылары болашақ маман рөлінде өздерін сынап көрді, оқытушылар мен студенттерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды, сондай-ақ біздің колледжде оқудың қандай мүмкіндіктер ашатынын білді.
Біз оқушылардың үлкен қызығушылық танытып, барлық іс-шараларға белсенді қатысқанына қуаныштымыз.
Бұл кездесу олардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектеседі деп сенеміз!