“Менің елім – Қазақстан” атты салтанатты іс-шара өтті!


25 қазан – Республика күніне орай колледжде «Менің елім – Қазақстан» тақырыбында патриоттық бағыттағы іс-шара ұйымдастырылды. 

Іс-шараның мақсаты – білім алушыларға Қазақстан Республикасы туралы тереңірек түсінік беру, ел тарихы мен мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін арттыру. 
Білім алушылар Отанға деген сүйіспеншілігін өлең, ән және көрініс арқылы жеткізіп, өз шығармашылық қабілеттерін көрсетті. 

Бұл мерекелік шара жастарды елін, жерін сүюге, тәуелсіздік құндылығын бағалауға және өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиеледі.