«Қазцинк» ЖШС колледждер Альянсы аясында Scaffold құралы негізінде инновациялық білім беруді дамыту» тақырыбында біздің колледжде облыстық семинар өтті.

Семинар Қазақстанда жарияланған Жасанды интеллект пен цифрландыру жылы аясындаұйымдастырылып, білім беру процесіне инновациялық тәсілдерді енгізу, жасанды интеллект мүмкіндіктерін оқу үдерісінде қолдану, сондай-ақ Scaffold құралын тиімді пайдалану мәселелеріне арналды.
Облыстық семинарға өңірдің техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өкілдері қатысып, өзара пікір алмасып, өзекті тәжірибелерімен бөлісті.