Курстық жоба — болашақ мамандыққа бастар жол!

«Техник-құрылысшы» мамандығының студенттері «Ғимараттар мен құрылыстар конструкциялары» пәні бойынша курстық жобаны сәтті орындауда.
Курстық жоба барысында білім алушылар ғимараттардың конструктивтік шешімдерін әзірлеп, есептеулер жүргізеді, сызбалар орындайды және теориялық білімдерін тәжірибеде қолданады. Бұл жұмыс болашақ мамандардың құрылыс саласындағы беріктік, сенімділік және қауіпсіздік талаптарын терең түсінуіне мүмкіндік береді.
Мұндай тәжірибеге бағытталған оқу студенттердің кәсіби ойлау қабілетін, жауапкершілігін және өз білімдеріне деген сенімділігін қалыптастырады.
Білікті құрылыс мамандарын бүгіннен дайындаймыз!