Бүгін кітапхана оқу залында " Оқуға құштар колледж" тұжырымдамасы аясында Ұлттың ұлылығын әлемге әйгілеген ұлы ғалым Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов туралы 25 СБ 4 тобының қатысуымен "Шоқтығы биік Шоқан" атты тақырыптық кеш өтті. Кітап көрмесі ұйымдастырылды.


 Оқушылар Ш.Уалихановтың өмірбаяны,шығармашылығы, саяхаттары жайында бейнебаян арқылы мағлұматтар алды, Шоқанның Құсмұрын бекетінде өткен балалық шағы, Омбыдағы кадет корпусындағы кезеңдер тілге тиек болды. Әсіресе саудагер ретінде Қашғарияға барған сапарына кеңірек тоқталып,оқушылар Дильназ,Нұралы,Азамат,Темирлан,Санжар белсенділік танытты.
Мақсаты: Ш.Ш.Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы үлгісінде оқушыларды отаншылдыққа,руһани білімділікке баулу.