2025 жылдың 19 желтоқсанында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Аманұлы Сақтағановтың қатысуымен «Жұмысшы мамандықтар жылы: қорытындылар, жетістіктер және жаңа мүмкіндіктер» атты облыстық форум өтті.
ШҚО Білім басқармасы ұйымдастырған бұл форум кәсіпорын өкілдерін, әлеуметтік серіктестерді, колледждер мен білім алушыларды бір алаңда біріктірген маңызды шара болды. Іс-шара барысында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің даму нәтижелері талқыланып, жыл бойы айтарлықтай үлес қосқан әлеуметтік серіктестер мен білім ұйымдарының еңбегі атап өтілді.