Бүгін колледжде оқу жылының 1 семестрінің қорытындысы бойынша спортшыларды, жеңімпаздар мен чемпиондарды марапаттауға арналған салтанатты саптық жиын өтті.

Біз оқу, спорт, шығармашылық және қоғамдық қызметте өзін көрсете білген білім алушыларды зор мақтанышпен атап өттік. Олардың табандылығы, еңбегі мен жетістікке деген ұмтылысы баршаға үлгі болды!